Хабар телеарнасы

Республикалық референдумға 100-ден аса халықаралық байқаушы тіркелген

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының басшысы Тамаш Месеричпен кездесті.

Комиссия төрағасы халықаралық байқаушыларды референдумға әзірлік барысымен, оның негізгі кезеңдерімен таныстырды. Тараптар алдағы саяси науқан барысында бірлесіп жұмыс атқаруға келісті.