Хабар телеарнасы

Елордада дәрі-дәрмек қоры жеткілікті – ҚР ДСМ

лекарства

Ал қаладағы ірі жекеменшік дәріханалар жүйесінде тиісті препараттар бар. Бұл мәселені Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мониторинг жасап, қадағалап отырады.

Ал егер тапшылық туындаған жағдайда СК-Фармация жекеменшік дәріханаларға дәріні жеткізуе дайын. Ол үшін қажетті қор жасақталған. Сондай-ақ коронавирус белгілері бар науқастарға ыстықты түсіретін және қанды сұйылтатын 5 түрлі препарат тегін беріледі. Оның қоры еліміз бойынша 500 мың науқасқа жетеді.

Естеріңізде болса, күні кеше елордадағы ірі дәріханалардың біріндегі дәрі-дәрмек тапшылығына көз жеткізген болатынбыз. Алайда мамандар алаңдауға еш себеп жоқ деп сендірді.

Нұрлыбек Асылбеков, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы:

 – Бүгін таңертең біздің мамандар департамент мамандарымен қаланың әр шетіндегі дәріханаларды аралап шықты. Қошқарбаев көшесі, Сауран көшесі т.б. дәріханалардың мәліметі бойынша ыстықты түсіретін парацетамол препаратымыз дәріханалардың 93%-інде болып шықты. Енді кейбіреулерінде болмауы мүмкін. Бірақ 93% ғана. Ибупрофен 80%, Нимесил 75% бар. Азаматтарымызға егер осындай дәрілер жоқ болғанда, біздің анықтамаларға хабарласуларыңызға болады деп  айтқым келеді.