08:00Эфирде: Профессиональный бокс. Гэри Расселл - Марк Магсайо. Прямая трансляция из США
11:00Әрі қарай: Кино «Балуан Шолақ»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Террорлық қауіп сейіле баста

  • Категория: Қоғам
Террорлық қауіп сейіле баста

Елордада лаңкестік қауіптілік «қызыл» деңгейден «қызғылт сарыға» өзгертілді.

Бірақ бұл қауіптің толығымен сейілгенін білдірмейді, сондықтан жеке басты анықтайтын төлқұжатсыз жүруге болмайды. Қала ішін патрульдеу және тұрғындарды тексеру жалғасады. Елорданың лаңкестікпен күрес жөніндегі жедел штаб өкілдерінің мәлімдеуінше, жеңілдетілген шектеу 14 тәулікке енгізілді. Айта кетейік, террорлық қауіптіліктің «қызғылт сары» түсі кезінде лаңкестік әрекет жасауға және оған оқталған күдіктілерді іздестіру және ішкі мигранттарды тіркеу ережесі қаперге алынады. Нысандарға күзет күшейтіледі. Көлік қозғалысы да бақылауға алынады. Бүгінде 12 облыс пен екі мегаполисте террорға қарсы операция аяқталды. Алайда Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында жалғасып жатыр. Ал террорлық қауіптің «қызыл» деңгейі қалған 12 облыс пен елордада және Шымкент қаласында күшін жойды.

Сондай-ақ...