Хабар телеарнасы

Әлібек Тәжібаев: үкімет пен қоғам арасында әрдайым диалог болуы аса маңызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәжіліс отырысында сөйлеген сөзіне отандық сарапшыларда бірауыздан үн қосуда. Мәселен, «Еуразиялық мониторинг» сараптамалық зерттеулер орталығының директоры Әлібек Тәжібаев: «Халықтың бар талабын ынталандырып, уақытылы әрекет ету үшін үкімет пен қоғам арасында әрдайым диалог болуы аса маңызды», – дейді. Себебі бұның астарында ел дамуының басты бағыты жатыр.

Әлібек Тәжібаев, «Еуразиялық мониторинг» сараптамалық зерттеулер орталығының директоры:

- Өзім жеке атап өтетін тұстар – ол меритократияға, күшті реформалауға, «еститін мемлекет» тұжырымдамасын дамытуға қатты басымдық беру. Себебі жаңа Қазақстанның дамуының басты бағыты – ол мемлекет пен қоғам арасындағы диалог. Яғни үкімет халық наразылығына құлақ асып, оны түзеуге бағытталған жұмысты атқаруы тиіс.