Хабар телеарнасы

Еліміздегі дауыс берушілердің саны бойынша СҚО алда келе жатыр

Таңмен таласа тұрған қалың жұрт өз таңдауын жасап жатыр. Сонымен осы сағатқа дейін қанша адам дауыс беріп үлгерді?

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Міне сайлаудың аяқталуына да санаулы сағаттар қалды. СҚО тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысып жатқанын айта кету қажет.

Мәселен өңір бойынша барлығы 399 375 сайлаушы тіркелген. Осы сағаттарда оның % өз таңдауын жасап үлгерді. Жалпы эпидахуалға байланысты учаскелерде санитарлық талаптар күшейтілді. Медицина мамандары азаматтардың дене қызуларын тексереді. Маскалары жоқтарға тегін бетперде және қолғап беріп жатыр. Биылғы сайлаудың тағы бір ерекшелігі оны бейпартиялық бақылау штабының мамандары қадағалап отыр. Саяси науқан барысында заңбұзушылықтар болды ма?

Жанат Мұхамеджанов, өңірлік бейпартиялық байқаушылар орталығының төрағасы:

- Сайлауды бейпартиялық орталығы атынан 862 бақылаушы қадағалап отыр. Яғни бұл тек біздің орталықтың атынан. Бұдан бөлек партиялармен қоғамдық ұйымдардың атынан 3,5 мыңнан астам бақылаушы қадағалап отыр. Сайлау барысы ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Яғни санитарлық нормаларға барлығы сәйкес. Атаулы құқықбұзушылықтар орын алған жоқ.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Жалпы облыста 650 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 12-ісі жабық учаске ретінде тіркелген. Ал барлық дауыс беру орнында төрт мыңға жуық байқаушы науқанның әділ өтуін бақылап отыр. Оның алтауы көрші Ресей елінен келгендер.