Хабар телеарнасы

Қарағанды облысындағы пайдалы қазбалардың қоры таусылып жатыр

Сондықтан шұғыл балама көзін табу қажет. Бұл үшін геологиялық жұмыстар жердің терең қабатында жүргізілетін болады. «Оған соңғы үлгідегі технология тартамыз», – деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі. Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше он жылдан бері Қарағанды облысында пайдалы қазбаны табуға тартылған инвестиция көлемі үш есе артты. Жалпы өңірде мыс, алтын, қорғасын, мырыш, темір және көмір өндіріледі екен.