Хабар телеарнасы

Заңсыз қоқыс төгу орындарына байланысты жедел желі іске қосылды

Заңсыз қоқыс төгу орындарына байланысты жедел желі іске қосылды

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында жазды.

«Естеріңізде болса, жуырда Мемлекет басшысы еліміздегі заңсыз қоқыс төгу орындарының жағдайына айрықша назар аударды. Қазақстандағы бұл мәселеге орай жағдайды бақылап, деректерді тіркеп отыру үшін біздің министрлік арнайы жедел желi жұмысын іске қосады», – деді.

Бұл желіге кез келген тұрғын өзі тұратын қала немесе аудандағы заңсыз қоқыс төгу орындарынан фото/видео материалдар жолдай алады.

«Сіздермен, сондай-ақ ІІД және әкімдіктермен бірге жағдайды бақылап, сол жерлерге барып, шара қолданатын боламыз. Бір ай ішінде еліміздегі қоқыс полигондарына мониторинг жасап, рэйдтер жүргіземіз. Оның қорытындысын қосымша хабарлаймыз», –  деп жазды министр.

Жедел желінің нөмірі: +77759524900.