Хабар телеарнасы

Қазақстанда әйелдерге күш көрсету дерегі соңғы үш жылда екі есеге көбейген

Өйткені арыз жазып, шағымданғандар отбасына орала алмаймыз ба деп уайымдайды. Әсіресе мұндай деректер оңтүстік аймақта көп тіркелген. Арнайы орталыққа келетіндердің саны 2017 жылы 1 500 адам болса, былтыр 2 868-ге дейін жеткен. Яғни елдегі арнайы 22 орталық ерінің езгізіне шыдамаған әйелдердің бас сауғалап баратын жеріне айналған. Ал соңғы үш жылда 7 мыңнан астам тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тіркелген. Оның жартысынан астамы балалар.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Соңғы үш жылда 7 мыңнан астам адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 2 мыңнан астамы ересектер болса, 5 мыңы балалар. Олардың 51% физикалық зорлық-зомбылық құрбандары болса, 4,1% психологиялық қысымның құрбандары. 588 адам экономикалық, ал 120 адам жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болды. Осылардың 95% қайта әлеуметтендірілді.