Хабар телеарнасы

Қазақстандағы кен орындарының қоры таусылып жатыр

Дәлел ретінде соңғы 10 жылда ШҚО-дағы бірқатар ірі қорғасын-мырыш кен орындарының жабылуын келтірді. Өзге аймақтарда да 2025 – 2040 жылдары пайдалы қазбалар таусылады деп болжап отыр. Ал бұл қордың орнын толтыру жұмыстары баяу жүріп жатыр екен. Енді осы түйткілді мәселенің күрмеуін 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шешуі тиіс.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Бағдарламада негізгі 7 міндет белгіленді. Бастысы – Қазақстан аумағының геологиялық зерттеу дәрежесін арттыру. Бұл үшін геологиялық барлаудың дәстүрлі әдістермен қатар, терең қабаттарда орналасқан кен объектілерін анықтауға мүмкіндік беретін геофизикалық зерттеулердің жаңа озық түрлері мен жерді қашықтықтан зондтау қолданылатын болады.