Алдағы күндерде республика өңірінің басым бөлігінде Рессейдің Еуропалық аумағынан ығысқан циклонның әсеріне орай тұрақсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай болады, ұйытқымалы жел соғады, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек батыста, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай болады.
Алматыдағы «Достық» хорының құрылуына Ұлы Отан соғысы себепкер. Хор мүшелерінің бірі соғыс ардагері болса, бірі еңбек майданының қатысушысы, дені соғыстың тауқыметін көрген балалар.
Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай ержүрек батырларымызды ұлықтау мақсатында «Хабар» агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет» шарасы Оңтүстік Қазақстан облысында да іске асуда.
Солтүстік Қазақстандағы түсіру тобымыз «Жеңіске құрмет!» шарасы аясында «Хабар» агенттігінің атынан Ұлы Отан соғысының ардагері Сұлтан Мұхамеджановты құттықтап қайтты. Қарт майдангер сұрапыл жылдары жаяу әскер қатарында Украина, Молдова, Румыния, Болгария, Югославия елдерін азат ету ұрыстарына қатысқан.
Павлодарда Ұлы отан соғысына қатысып, іс-түссіз жоғалып кеткен Жұмабай Бектұрсыновтың әскери медальоны табылды. Құнды жәдігерде жауынгердің қай жерде, қашан дүниеге келгені және басқа да мәліметтер толық жазылған.
Ақтөбе заң институты ғимаратының алдына Кеңес Одағының Батыры Малкеджар Бөкенбаевтың ескерткіш бейнесі орнатылды. Өткен жылдың аяғында оқу орнына батырдың аты берілген болатын.
Жеңіс үшін жанын аямаған жауынгердің бірі – Иван Слинько. Екі бірдей «Ерлігі үшін» медалін кеудесіне қадаған Ұлы Отан соғысының ардагері Орал қаласында тұрады.
9 сәуір күні бастама алған «Жеңіске құрмет!» акциясы республиканың түкпір-түкпірінде, тек облыс орталықтары, Алматы мен Астана ғана емес, шалғай ауылдарда, аудандардағы ардагерлерге ерекше сый-құрмет көрсетті.
«Жеңіске құрмет!» акциясы жалғасуда. Өскемендік Ұлы Отан соғысының ардагері Липат Семинға өңірдегі әріптестеріміз Жеңістің 70 жылдығына орай «Хабар» агенттігі атынан теледидар тарту етті.
«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» қайырымдылық шарасы аясында Ақтөбе қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Зинаида Ғұсмановаға сыйлық табысталды.
«Хабар» Агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет!» шарасы Шығыс Қазақстан облысында да жалғасын тапты. 19 жасында соғысқа аттанған Иван Каплиев Сталинград қоршауын бұзудағы кескілескен ұрыстарға қатысты.
«Хабар» агенттігінің ұйымдастырған «Жеңіске құрмет!» шарасы аясында оңтүстікқазақстандық тілшілеріміз Шымкентте тұратын Ұлы Отан соғысына қатысқан Төлеген Жақыпбаевтың үйінде болып, ардагерді қуантып қайтты.
Өскемендік ардагер Валентин Кудрявцевті жерлестері «аңыз адам» деп атайды. Соғыстан келгеннен кейін саналы ғұмырын жол полициясына арнаған майдангер: «Өмірдегі басты құндылықтардың бірі – адал еңбек», - дейді.
Біздің тілшілер ардагер Ізтұрған Өтесіновтің шаңырағында болып, «Хабар» агенттігінің арнайы сыйлығын табыстады. 91 жастағы қарт майдангер сұрапыл соғыс жылдары мен майдандас достары жайлы сыр шертті.
Екінші дүниежүзілік соғыстың зұлматы еш ұмытылмақ емес. Ұлы Жеңіске жету жолында майдан даласындағылармен бірге тылдағылардың да ерлігі ерен болғаны сөзсіз.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында атыраулық майдангерлер мен тыл ардагерлеріне мерекелік медальдер табысталды. Салтанатты шарада Ұлы Жеңістің бүгінгі ұрпақ үшін маңызы айтылып, ән-жырдан шашу шашылды.
Қостанай облыстық қуыршақ театры тұңғыш рет соғыс тақырыбында қойылым көрсетті. Өжеттілік пен қайсарлыққа үндейтін тың туынды «Балапан қаршыға» деп аталады.
«Жеңіске құрмет» шарасы жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, «Хабар» агенттігінің ұжымы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек көрсету үшін 1 күндік жалақыларын аударған болатын.