Хабар телеарнасы

Еліміздегі тергеушілердің орнын роботтар алмастыруы мүмкін

Сарапшылардың пікірінше, жаңа технологиялар қылмыстық істі тергеу барысында адами фактордың әсерін азайтады. Қазірдің өзінде қазақстандық полицейлер қылмыстық істерді электронды форматта жүргізуге көшкен.

500-ден астам заң өкілдерінің басын қосқан халықаралық жиында бірнеше мәселе қаралды. Соның бірі – қылмыстық-атқару жүйесін реформалау. Елімізде қаңтардан бастап күшіне енген жаңа заң бойынша ащы су ішіп көлік тізгіндегендерге жаза күшейді. Енді мас күйінде жол апатын жасап, өзгенің өміріне қауіп төндіргендер темір торға тоғытылады. Өткен жылдың өзінде мас жүргізушілердің кінәсінен 12 мың адамның өмірі қиылған.

Дәурен Мадалиев, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудандық сотының судьясы:

- Жол апатына қатысты қайғылы оқиғалардың басты себебі – жылдамдықты шамадан тыс асыру мен ішімдік ішіп көлік тізгіне отыру. Ішімдік ішпеген есі дұрыс адам шұғыл бір жағдай болмаса, жылдамдықты арттырмайды. Ал мас адам ара қашықтықты сақтамайды. Өзгенің өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан қатаңдатылған жаңа заң күшіне енді. Мұндай жаза дамыған елдердің тәжірибесінде бар. Біздің елімізде адамның өмірі ең басты құндылық саналады.