Хабар телеарнасы

Ақтөбеде электр энергиясының тарифі 25% өсті

Енді осы наурыз айынан бастап тұрғындар сағатына бір киловатт қуат үшін 16 теңге 62 тиын төлейді. Заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар үшін де тариф өзгерді. Өңірдегі қуат көзімен жабдықтайтын ірі серіктестік қызмет құнын өсіретіні туралы осыдан бірнеше ай бұрын хабарлаған. Ұсыныс табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінде қаралып бекітілген.   

Ерлан Дүйсен, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент  басшысы:

-Электр энергия тарифтерінің көбею себебі бірыңғай сатып алушы тарифінің ұлғаюына байланысты және Қазақстан Республикасының электр энергиясының мощностын бақылау қызметіне 70 пайызға тарифының көтерілуі себеп болып отыр.