Хабар телеарнасы

Еліміздегі тауар айналымының 12-13% электрондық саудаға тиесілі

2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 20-25% дейін өсіру қажет. Бүгін электрондық коммерцияны реттеу және оңтайландыру туралы құжат әзірлеудің артықшылығы мен кемшіліктері талқыланды. Бір тарап онлайн-алаңдарды офлайн-дүкендермен теңестіруді қолдаса, енді бірі әліптің артын бағу керек дейді. 

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Менің ойымша, басты назарымызды электрондық саудадағы трансшекаралық байланысты реттеуге бағыттау керек. Біздің нарыққа керегі осы. Сарапшылық және заңгерлік күшімізді жоғарыда айтылған арнаға бұру қажет. Бір сөзбен айтқанда, сыртқы сауданың үлесін арттырсақ игі.