Хабар телеарнасы

Онлайн сауда-саттық көлемі артып келеді

Қазақстанда онлайн сауда-саттық көлемі артып келеді. Қазір ол жалпы сауданың 13% жетті. Бұл қазақстандықтар 2 млрд теңгеге онлайн платформаларда сауда жасады деген сөз. Жауапты министрлік, бұл көрсеткіш алдағы жылдары 20% жететінін айтады. Ал ол үшін тиісті логистика мен қоймалардың болуы маңызды. Сондықтан Үкімет басшысы Сауда және интеграция министрлігіне биыл Астана, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларында қойма салуды тапсырды. Себебі бұл тауардың діттеген жеріне жедел жетуіне сеп болмақ. 

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
-Бонд қоймаларын ашу Қытайдан Еуропаға және кері бағытта тауарларды одан әрі транзиттеу үшін ірі шетелдік маркетплейстердің тауарларын орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл шетелдік тауарларды қазақстандық сатып алушыларға жеткізу уақытын 60-тан 7 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.