Хабар телеарнасы

Йемендегі жағдай қара алтынның әлемдік бағасына әсер етті

Йемендегі жағдай қара алтынның әлемдік бағасына әсер етіп, Лондон биржасында Brent маркалы мұнайының наурыз айына болжанған фьючерсі бірден 2,29% өсіп, баррелі 79,19 доллар болды. Бұл ахуал біздің экономикаға қалай әсер етеді?

Осы орайда Ұлттық банк 2023 жылдың желтоқсаны мен 2024 жылдың қаңтарында жүргізген макро-сауалнамасының нәтижесін жариялады. Оған Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау және болжаумен айналысатын ұйымдар қатысқан.
Сонымен былтырғы жылдың қарашасындағы сауалнамамен салыстырғанда мамандардың болжамы мынандай: Brent маркалы мұнайының орташа жылдық бағасы өзгеріссіз қалады деп болжайды.

 

Сарапшылар биыл нақты жалпы ішкі өнімнің жылдық өсімі 4,5% болады деп болжайды. Ал 2025 жылы ол 5% өседі деген сенімде.

 

Ұлттық банк сауалнамасына қатысқан компаниялар инфляция деңгейі биыл төмендейді деп болжап отыр. Былтыр қарашадағы сауалнамада инфляция деңгейі 11,5% өсуі мүмкін десе, жаңа болжам бойынша оның көлемі 4% аспауы керек.

 

Дегенмен сарапшылар биыл Ұлттық банк орташа базалық үстемеақыны көтеруі мүмкін және АҚШ долларының теңгеге бағамы өсуі ықтимал деп болжайды.