Хабар телеарнасы

Елімізге 2 млрд долларға жуық инвестиция тартылады

Ал соңғы жарты жылда құйылған шетелдік қаржының көлемі 13 млрд 300 млн долларға жеткен. Енді сандар тағы өседі. Себебі Елордаға әлемнің түкпір-түкпірінен 500 аса ірі инвестор шақырылды. Олар отандық өндіріс өкілдерімен бас қосты. Сарапшылардың айтуынша, денсаулық сақтау, тау-кен, көлік әлеуеті мен логистика, жергілікті өндіріс пен экспорт әлеуетін дамыту шетелдік компанияларды қызықтырады. Олардың басым бөлігі Нидерланды, Қытай, Түрік, Франция, Араб елдерінен келген. Былтыр елімізге тартылған инвестиция көлімі – 28 млрд доллар болды.

Ахмед Аль-Дахил, инвестициялық қордың басшысы:
- Біз қазақстандық компаниялармен келісімге келдік. Қазір дұрыс нәтижеге жету үшін атқарылатын жұмыс процесін талқылаудамыз. Қазақстанда ауыл шаруашылығы бойынша мүмкіндік өте жақсы. Одан бөлек басқа да салаларды қарап шықтық. Бірнешеуін қаржыландыру жоспарларымызда бар.

Нұралхан Көшеров, Түркістан облысы әкімінің орынбасары: 
- Бүгінгі форумда біз 4 инвестор тауып отырмыз. Сол бойынша келісімге келетін боламыз. Жалпы құны 52 млрд теңге құрайтын мыңға жуық жұмыс орны ашылатын болады. Оның ішінде – «Казкрахмал» жүгеріні терең өңдеу бойынша. Екінші жобамыз – «Жетісай текстиль», яғни мақтаны төмен өңдейтін. Үшінші жобамыз – тау-кен металургиясында өңдеу, құрал жабдықтарды шығаратын зауыт.