Хабар телеарнасы

Астанада ШЫҰ-на мүше елдердің бас прокурорлары жиналды

Астанада ШЫҰ-на мүше елдердің бас прокурорлары жиналды

Осы жолғы мәжілістің негізгі тақырыбы қылмыстық активтерді қайтаруға арналыпты. Қазір елдер арасындағы жылдық тауар айналым 600 млрд доллардан асады. Осы ақша ағынының бір бөлігі қылмыстық жолмен жымқырылатыны да жасырын емес. Мамандар соның жолын кесу, айласын асырғандар анықталса тиісті шара қолданудың жайын пысықтады. Жоғалған дүниені орнына қайтару қашанда өзекті. Мұндай қылмыс жеке ел былай тұрсын, тұтас ұйымның қаржы жүйесінің тұрақтылығын бұзады. 

Берік Асылов, ҚР Бас прокуроры: 
-Жымқырылған ақшаның бір бөлігі қылмыстық мақсатқа пайдаланылуда. Оның ішінде терроризм мен экстремизімді қаржыландыруға да жұмсалады. Сондықтан біздің тәжірибе алмасумыз өте өзекті. Себебі заңсыз қаржы ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін мәселе.