Хабар телеарнасы

Астанада Д. Қыдырәлінің жаңа тарихи кітаптары таныстырылды

Елордада жазушы, ғалым, профессор Дархан Қыдырәлі жазған жаңа тарихи кітаптар таныстырылды.

«Мұстафа», «Абыздар аманаты», «Тамыр», «Нүкте философиясы» және қырғыз тілінде басып шығарылған «Ташқа жазылған тарых» атты кітаптарда тың деректер қамтылған. Ұлт үшін басын бәйгеге тіккен саяси қайраткерлердің өміріне қатысты жаңа мәліметтер ұсынады.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бұл еңбектер ұлттық бірегейлікті сақтау жолында тарихи маңызға ие. Мемлекет басшысының тарихи сананы жаңғырту бағытындағы тапсырмасына сәйкес Сенат бұл салаға баса мән беріп келеді. Алдағы уақытта ежелгі заманнан бүгінге дейінгі аралықты қамтитын жеті томдық ауқымды еңбек жарыққа шықпақ.

Әділ Ахметов, Мемлекет және қоғам қайраткері:
- Дархан бауырымыздың «Тамыр» деп отырған кітабы аты затына сай. «Тамыр» деп отырғаны сонау ғұн, сақ заманындағы скипп заманындағы ұлы мемлекеттердің 2000 жылға созылған, үзіліссіз созылған мемлекеттердің тарихына көз жіберіп отыр. Тарихымызға соншалықты терең үңіліп, кітаптарға түсіріп таратуы бұл үлкен қуанатын жай.