Хабар телеарнасы

Қаныш Сәтбаев университетінде Гонконгтың CityU жоғарғы оқу орнының филиалы ашылды

Осылайша отандық білім ордасы әріптестерімен қос дипломдық бағдарламаны іске қосты. Өткен аптада Сәтбаев университетінің делегациясы стратегиялық институционалдық серіктестікті нығайту мақсатында Гонконгқа барды. Сапар барысында CityU мен академиялық ұтқырлық бойынша студенттермен алмасу, бакалавр, магистр және PhD дайындау жөнінде өзара меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Сәтбаев университетінің студенттеріне арналған квоталар, іріктеу шарттары анықталды.

Сейітхан Азатұлы, Satbayev университетінің зертхана жетекшісі:
-Бұл жерде 2 диплом алып шыға алады. Біздің баклавр, магистранттар. Сонымен бірге доктаратттар тегін. Олардың зертханасын тегін пайдаланып, өзінің әлемдік деңгейдегі ғалымдармен бірге өзінің диссертациялық жұмыстарын жасай алады.