Хабар телеарнасы

Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орнында әскери журналистика мамандығы оқытылады

Биылдан бастап Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында әскери журналистика мамандығы оқытылады. Бұл туралы бүгін Қорғаныс министрлігінің өкілдері айтты. Министрліктің баспасөз хатшысы Руслан Жангулиннің сөзінше, бұл әскери тақырыпқа төселген білікті журналист мамандар дайындауға мүмкіндік бермек. Аталған мамандыққа биыл яғни 2024 жылы мектеп бітірген түлектер құжат тапсыра алады. Абитуриенттерді іріктеу барысында олардың денсаулық жағдайы, ҰБТ-дан жинаған бал саны мен шығармашылық қабілеттері назарға алынбақ.

Руслан Жангулин ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы:
-Қазір салалық журналистиканы дамыту мәселесі Қорғаныс министрлігімен қарастырылып жатыр. Қорғаныс министрлігі экстремалды журналистика бойынша әскери дискурс, семинарлар өткізіп келеді. Әскери журналистерді осы семинар курстардың аясында оқытуды жалғатырамыз және өзіміз әскери журналистика мамандығы бойынша қабылдауды жоспарлап отырмыз.