Хабар телеарнасы

Астанада сайлау туралы кітаптың тұсауы кесілді

Астанада сайлау туралы түсінік пен таным, тарихы мен тәжірбиесі және әрбір азамат саяси процестер туралы оқып біле алатын, қарапайым тілмен жазылған кітаптың тұсауы кесілді.

Ғылыми-танымдық туындыны отандық ғалымдар мен саяси сарапшылар жазып шыққан. Ол Тәуелсіз Қазақстанның сайлау процестері мен саяси шежіресінен бастап, азаматтың сайлауға қатысудағы барлық құқықтары мен қоғамдағы саяси сұраныстар картинасын қамтиды.

Ғалымдар халықаралық және отандық тәжірбиелерді негізге ала отырып, алдағы уақытта жасалуы тиіс бетбұрыстарды да атап көрсеткен. Кітаптың таныстырылымы Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына орай өткізіліп жатқан «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты халықаралық конференцияға орайластырылды. 

Айдар Әмребаев, философия дінтану және саясаттану институты саяси зерттеулер орталығының директоры:
- Халықтың үніне құлақ салатын жалпы мемлекет деп жатырмыз ғой. Мына саяси модернизацияның ерекше бір іргетасы деп айтуға болатын шығар, сайлау жүйесі. Ол – адамдардың құқықтары, оны ары қарай жетілдіру. Сондықтан осы жағынан алатын болсақ біздің сайлау жүйеміз өте ашық түрде, біздің қоғам белсенділерімен ақылдасып, бір келісімге келетіндей жағдайға келіп жатыр.