Хабар телеарнасы

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы жүк тасымалының жылдамдығы артқан

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы транзиттік әлеует өсіп, жүк тасымалының жылдамдығы артқан. Былтыр Транскаспий дәлізі бойынша жүк тасымалының көлемі 2,8 миллион тонна болса, биыл 4 миллион тоннаға дейін жеткізіледі. «Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға, одан әрі Еуропаға шығатын тауардың басым бөлігі – қазақстандық жүк»,— дейді көлік министрі Марат Қарабаев. Оның жартысы – мұнай. Қытайлық контейнерлердің де транзиті 3 есе артқан. Одан бөлек, биыл Қазақстан, Қытай және Сингапурлық инвесторлармен бірлесіп Ақтау портында жаңа терминал салынып жатыр. Келесі жылы қолданысқа беріледі.

Қасым Тілепов, Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары:
-Әрі қарай Әзербайжан және Грузиямен цифрлық жүйеге интеграция жасау жоспарда бар. Орталық дәліз бойынша бізде жыл сайын жүкті тасымалдау көлемі өсіп жатыр. Әзербайжан портының ішіндегі біздің қазақстандық терминалды салу қарастырылып жатыр.