Хабар телеарнасы

Ирандағы Керман қаласында болған екі жарылыстан 100-ден аса адам қаза тапты

Ирандағы Керман қаласында болған екі жарылыстан 100-ден аса адам қаза тауып, 170-тен астамы жараланды. Жергілікті зиратта ислам революциясының сақшылар Корпусыныңы генералы Касем Сулеймани қазасының төртінші жылдығына арналған аза тұту рәсімі өтіп жатқан. Иран Үкімет өкілдері мұны лаңкестік әрекет деп атаған. Бірінші жарылыс сағат түскі үште болған. Ал жиырма минут өтісімен, оқиға орнына құтқарушылар жеткенде, екінші бомба жарылды. Касем Сулеймани 2020 жылы АҚШ әскери-әуе күштері жасаған соққысынан қаза тапқан еді. Оны жерлеу кезінде 56 адам қысылып, опат болған.