Хабар телеарнасы

Құтқарушылар миссиясын аяқтады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ауғанстандағы жер сілкінісінен кейін көмекке аттанған Төтенше жағдайлар қызметінің 45 құтқарушысы, аталған елдегі өз миссияларын тәмамдады. Ауған еліндегі құтқару жұмыстары барысында мерт болған 1 баланы үйінділер арасынан шығарып, 80 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 11 балаға медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ біздің құтқарушылар қирап қалған 211 үйдің үйінділерін тазалап, Наиброфи елді мекенінде 700-ден астам бүлінген үйдің учаскелерін тексеріп шықты.