23:00Эфирде: Телесериал. "Вторая жизнь Евы"
06:00Әрі қарай:
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Грузияда несие алу қиындай түспек

  • Категория: Әлемде
Грузияда несие алу қиындай түспек

Алдағы аптадан бастап елде несие алу мерзімі қысқарады.

Өйткені тұрғындардың жартысынан астамы банктерде қарызға батқан. Инфляция деңгейінің артуы да «жығылғанға - жұдырық» болып отыр.

Грузия билігі жеке тұлғаларға несие беру үдерісін тежеуге шешім қабылдады. Елде қазіргі сәтке дейін берілген несие көлемі 7 жарым млрд доллардан асады. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, бір жылдың ішінде тұрғындардың қаржы ұйымдарға берешегі 34% өскен. «Мұндай үрдіс қымбатшылық тудырмай тұрмайды», – дейді мамандар.

Коба Гвенетадзе, Ұлттық банк президенті:

- Инфляция күннен-күнге күшейіп барады. Осындай қысылтаяң кезде тұтыну несиесінің көлемін одан сайын арттыру экономика үшін де, халықтың әл-ауқаты үшін де ауыр тимек. Жағдайды жан-жақты бағамдай келе және банк мамандарымен ақылдаса отырып, несие алу мерзімін 3 жылға қысқарттық.

Бұған дейін тұтыну несиесі 4 жылға берілетін. Экономистер: «Несие мерзімінің қысқаруы қарапайым тұрғындар үшін ауыртпалық әкеледі», – дейді. Себебі пайыздық мөлшерлеме өседі.

Ото Абесадзе, Кавказ университетінің профессоры:

- Бұрынғыдай 4 жылға созып, пайыз мөлшерлемесін азайтып төлеу мүмкіндігі болмайды. Халық төртжылдық мерзімге үйреніп қалған еді. Енді несиені төлеу қиындайды. Сауда-саттық көлемі де төмендейтіні анық.

Десе де ресми шешім қабылданды, жаңа ереже 15 тамызда күшіне енеді.  Шектеу әзірге 1 жылға дейін сақталады.

Авторлары: Ернат Мелсұлы, Юлия Тужилкина

Сондай-ақ...