Хабар телеарнасы

Италиядағы қазақстандықтар Римдегі сайлау учаскесінде дауыс бере алады

5 маусымда Римдегі сайлау учаскесінде осы елде оқу, жұмыс бабымен тұрып жатқан және саяхатта жүрген отандастарымыз дауыс бере алады. Қазір елшіліктің есебінде шамамен 120 қазақстандық бар. Референдумға қатысу үшін, отандастарымыз елшілік сайтында тіркелуге тиіс.

Жұмагүл Сарыева, сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы

- Елшіліктің ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде толық ақпарат жазылып, хабарландыру берілді. Сонымен қатар жергілікті сарапшылармен кездесулер өткізіп, пікір алмастық. Олар республикалық референдум бойынша өз бағаларын берді. Елшілік Италияда уақытша және тұрақты тұратын қазақстандықтарға жеке қоңырау шалынып, референдумға туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Италиядағы жастар қауымдастығына да хабарланду берілді.