12:10Эфирде: «31 бөлімше» телехикаясы
13:00Әрі қарай: Новости
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Референдум-2022: Түркияда 3 сайлау учаскесі ашылады

  • Категория: Әлемде
Референдум-2022: Түркияда 3 сайлау учаскесі ашылады

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум өтетін күні Түркияда үш сайлау учаскесі ашылады.

Олар Анкара, Ыстамбұл және Анталия қалаларында орналасқан. Онда қазақстандық студенттер, дипломатиялық миссия өкілдері мен туристер дауыс бере алады.

Елшіліктің мәліметінше, қазір Түркияда 3 мыңдай отандасымыз білім алып жүр.

Асан Мәжітов, сайлау учаскесі комиссия төрағасының орынбасары:

- Референдумға Түркияда тұратын және туристік немесе қызметтік мақсатпен жүрген азаматтарымыз қатыса алады. Өз тарапымыздан Қазақстан азаматтарын ең жақын сайлау учаскесіне алдын ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз.

Сондай-ақ...