Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасындағы QIMYLDAMA сериалының шығармашылық ұжымы марапатталды

Біздің арнаның эфирінен көрсетіліп, көрерменнің ықыласына бөленген QIMYLDAMA  сериалының шығармашылық ұжымы марапатталды. Бүгін Ішкі Істер министрі Ерлан Сәденов телехикая авторлары мен актерларына «Қазақстан полициясына 30 жыл» естелік төсбелгісін тақты. Министр Полиция мен халық арасындағы қарым-қатынас тақырыбында түсірілген телетуынды құқыққорғау органдары қызметкерлерінің ауыр да жауапты жұмысын бүкпесіз көрсете алғанын атап өтті. 15 бөлімнен тұратын телехикая драма, детектив, комедия жанрларын қамтыды. Сериалда елімізде болған ең танымал әрі резонансты қылмыстық істер баяндалған еді.

Дүйсен Қалымжанов, QIMYLDAMA сериалының бас продюсері:
-Біз ҚР ІІМ-мен 3 жылдай тығыз қарым-қатынаста жұмыс істедік. Бірнеше көркемдік фильмдер жасаған болатынбыз. Соларды жасау барысында біз бұл жұмыстың ішкі кухнясын көрдік. Ең бастысы халық пен ҚҚО арасындағы қарым қатынас. Осындай тамаша бір дүние жасадық халықтың көңілінен шығып жатыр. Бүгін міне министрдің қолынан төс белгі алып жатырмыз, шүкір.