Хабар телеарнасы

«Хабар» Агенттігі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңажылдық тосынсый жасады

«Хабар» Агенттігі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңажылдық тосынсый жасады

Астанада «Хабар» Агенттігінің ұйымдастыруымен «Асыл арман» - «Заветное желание» анимациялық фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті.

Іс-шараға балалар үйінің тәрбиеленушілері, аз қамтылған отбасылардың балалары мен ерекше қажеттілігі бар 100-ден астам бала келді. Анимациялық фильм «Walt Disney» киностудиясының 100 жылдық мерейтойы аясында түсіріліп, әлемдік прокатқа шыққан болатын.