Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасындағы күндізгі жаңалықтар эфирге қайта шыға бастады

«Хабар» арнасындағы күндізгі жаңалықтар эфирге қайта шыға бастады

«Хабар» телеарнасындағы жаңалықтар шығарылымының саны артты.

Бүгіннен бастап сағат 12-00-де қазақ тілінде және 13-00-де орыс тілінде жаңалықтар эфирге шыға бастады.
Арнадағы қаржылық, ұйымдастырушылық және қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы сияқты шешуін күтіп тұрған өзекті мәселелермен айналыса жүріп, басты мақсатымыз көрермен назарына сапалы дүниелер ұсыну екенін әсте естен шығармадық.

Көзіқарақты көрермен «Хабар» және «Хабар24» телеарналарындағы жаңалықтар шығарылымының саны ғана емес, сапасы да, атап айтқанда мазмұны, графикалық безендірілуі өзгеріп жатқанын байқаған болар. Бұл бағыттағы жұмысты үздіксіз жалғастыра береміз.

Бұдан басқа сүйінші сұрайтын басқа да жаңа, тың жобаларымыз 1 маусымнан бастап көрерменге жол тартады. Ал негізгі телеөнімдеріміздің тұсаукесерін күзге таман, яғни жаңа маусымға орайластыруды жоспарлап отырмыз.

Агенттік арналары әрдайым қосулы болсын!