Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасында Елбасы туралы «Штрихи к портрету» деректі фильмі көрсетіледі

«Хабар» арнасында Елбасы туралы «Штрихи к портрету» деректі фильмі көрсетіледі

Бірнеше деректі фильмнен тұратын жобаның бесінші бөлімі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен журналист Айгүл Әділова және Елбасының баспасөз қызметінің бірлескен жұмысының арқасында жарыққа шықты.

Фильмнің жаңа бөлімінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті БАҚ-та жарияланбаған тың ақпаратпен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, «Штрихи к портрету» көпсериялы деректі фильмі Елбасының эксклюзивті сұхбаты негізінде түсірілген. Кинотуынды Тұңғыш Президенттің көрерменге белгісіз болған жаңа қырларын ашып көрсетеді.

Деректі фильмнің соңғы шығарылымы 2021 жылдың 1 шілдесінде жарық көрді. Сол кезде журналистпен әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев оппозиционерлер, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен қарым-қатынасы туралы айтып, Украина президентіне Ресеймен келіссөздер жүргізуге ұсынғанын және Қазақстанның Қытай және Ресеймен қарым-қатынасын шиеленістірудің талпыныстары туралы баяндады.