Хабар телеарнасы

«Хабар» Агенттігі әлеуметтік бейнероликтері сценарийлерінің питчингі жеңімпаздарын жариялады

«Хабар» Агенттігі әлеуметтік бейнероликтері сценарийлерінің питчингі жеңімпаздарын жариялады

Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Хабар» Агенттігі» АҚ.  

Жобаға оннан астам қазақстандық продюсер мен сценарист қатысты. Барлығы 20 сценарий ұсынылды. Іс-шара аясында іріктеу кезеңінен өткен тоғыз қатысушы өз идеяларын қазылар алқасына ұсынды.

Әлеуметтік бейнероликтер сценарийлерінің тақырыптары ретінде келесі бағыттар ұсынылды: отбасылық құндылықтар, экология және қаржылық сауаттылық. Байқаудың жүлде қоры – 3 000 000 теңге.

Питчингтің демеушілері – «ҚазАзот» АҚ, «Сбербанк» АҚ және «Қорғау Астана» Жеке қоры.

Камила Камназарова, EL ARNA телеарнасының директоры:

- Әлеуметтік жарнама өте маңызды. Ол қоғамда бар мәселелерді көтеруге мүмкіндік береді. Бүгін жақсы мәселелер көтеріліп, тың идеялар айтылды.

Питчингтің нәтижесі бойынша «Отбасылық құндылықтар» санатында Асылбекқызы Айнұр жеңімпаз болып жарияланды. «Экология» санатындағы үздік сценарист – Бектұрғанова Лимара. «Қаржылық сауаттылық» тақырыбы бойынша Сүлеймен Нұрдәулет жеңімпаз атанды.

Сценарийлер бойынша түсірілген әлеуметтік бейнероликтер «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарында көрсетіледі.