Хабар телеарнасы

Атлаһ шайқасы. «Тарих айнасы»

Түркі дәуірі – этникалық процестер мен шекаралардың қалыптасу кезеңі. Мәдени-өркениеттік үдерістермен қатар экономикалық-саяси мүдде үшін кескілескен шайқастар мен соғыстардың заманы. Сондай шайқастың бірі – 751 жылы болған Атлаһ шайқасы.

«Тарих айнасы» бағдарламасында еліміздің тарихшы ғалымдары Атлаһ шайқасы туралы деректерге талдау жасайды.