Хабар телеарнасы

Жаңадан құрылған Ұлттық құрылтай жұмысынан не күтеміз? «Бүгін»

Өткен аптада күллі қазаққа құтты қоныс, ұлысқа ұя болған Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтті. Бірлікті бекемдеп, Тәуелсіздігімізді нығайтуға негізделген басқосуда тілге, жерге қатысты мәселелер, еліміздің демократиялық бағыттағы даму жоспары, жаңа саяси кезеңдегі қадамдары мен Жаңа Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясы көтерілді. Енді бұл игі бастамалар қалай жүзеге аспақ? Ол үшін қандай іс атқарылуы тиіс? Жалпы жаңадан құрылған Ұлттық құрылтай жұмысынан не күтеміз?
Студия қонақтары:
1. Бибігүл Жексенбай, «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті
2. Азаматхан Әміртай, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті
3. Серік Ақылбай, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
4. Самат Нұртаза, саясаттанушы