Хабар телеарнасы

Әлеуметтік бастамалар әсері. «Бүгін»

Соңғы жылдары қымбатшылық белең алып, халықтың әлеуметтік жағдайы әлсірей берді. Импорттық тауарлар мен өнімдерді өзгеден алдық, делдалдар негізсіз бағаны өсіре берді. Соңы халықтың шығындарының артуына әкелді. Шығын көп болса, жұрт әрине, несие алады. Несиеге байланған жұрттың жағдайы жақсы болмасы анық. Осы сынды күрмеулі мәселелер шешімін табатынға ұқсайды. Өйткені Президент Үкіметке халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысының бастамаларын «Бүгін» бағдарламасында талдап көреміз. Студия қонақтары: 1. Серік Ерубаев -ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 2. Қайырбек Арыстанбеков-Экономикалық саясат институтының директоры 3. Нұрсұлтан Орынбеков, Заңгер. Саясаттанушы. Әлеуметтік ғылымдар магистрі 4. Самал Атагелді, Бизнес- тәлімгер, "Бизнес және Даму" мектебінің негізін қалаушы 5. Мақсат Халық, экономист 6. Айдос Сарым, ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты 7. Алмаз Ержан, Қоғам қайраткері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғаушысы. «Еламан» әлеуметтік инновациялық жобалар қорының негізін қалаушы.