Хабар телеарнасы

Омикрон: жаңа штамм қауіпті ме? «Бүгін»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың тағы бір штамын қауіпті деп таныды. Бұл жаңалыққа орай көптеген мемлекет шетел азаматтарының елге кіру шарттарын өзгертіп, тіпті шекараларын жауып жатыр. Омикрон деп аталған бұл штамм туралы әзірге дерек аз, бірақ мамандар мутацияның ауқымы елеулі дейді.
Бұл штамм адам ағзасы үшін қаншалық қауіпті? Үкімет жаңа штамның таралуына жол бермеуге қатысты қандай шешімдер қабылдауда? Қауіпті індеттен қалай қорғану керек?
Студия қонақтары:
1. Ержан Байтанаев, Санитариялық-эпидемиоологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі;
2. Айдана Ерғасен, Сан-эпид бақылау комитетінің Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының бас сарапшысы;
3. Роза Баженқызы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК директорының орынбасары;
4. Жадырасын Қалдыбайқызы, инфекционист.