Хабар телеарнасы

Жақсы жастан шығады... «Бүгін»

Жаһандық өнер бәйгелерінде ел атын асқақтатқан талантты жастар жетерлік. Ал оларға лайықты қолдау көрсетіле ме? Шығармашылықпен айналысуына барлық мүмкіндік жасалған ба?
Президент биылғы халыққа Жолдауында: «Жас әрі дарынды мүсіншілер, суретшілер, театр қызметкерлері, музыканттар, қаламгерлер жаңа жанр түрлерін игеріп, ұдайы ізденіс үстінде жүреді. Сөйте тұра олар елеусіз қалып, меценаттардың көмегімен ғана күн көреді», - деді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы: «Үкімет сарапшылармен бірлесіп, жыл соңына дейін жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шаралар жоспарын ұсынуға тиіс», - деп міндет қойды.
«Бүгін» бағдарламасында «Талантты жастарды қолдау қалай жүзеге асып жатыр?» деген тақырып талқыланбақ.

Студия қонақтары:
1. Асхат Маемиров, музыкалық жас көрермен театрының директоры
2. Кәміл Муллашев, суретші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері
3. Айдос Есмағамбетов, гиперреалист мүсінші, суретші
4. Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
5. Ғани Мұратов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет комитеті төрағасының орынбасары