Хабар телеарнасы

Ұлттық құндылығымызды дәріптеп жүрген әншілер. «Асыл қазына» 9-шығарылым

Бұл жолы «Асыл қазына» бағдарламасы дәстүрлі әншілердің сүйемелдеуімен ән-шашудан бастау алды. Халқымыздың рухани жәдігерлерінің бай мұрасының бірі – дәстүрлі әндер. Музыка зерттеушілерінің айтуынша, халқымызда бес мыңнан аса күй, он екі мыңға жуық ән бар көрінеді. Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті дейтін болсақ, қазақ мәдениетіндегі ән өнерінің алар орны ерекше.
«Асыл қазына» қатысушылары – ұлттық құндылығымызды дәріптеп жүрген әншілер. Олар: Сәуле Жұмабайқызы, Жақсыгелді Маясаров, Перизат Тұрарова.