Хабар телеарнасы

«Бір туынды тарихы» циклі: «Алмас қылыш» деректі фильмі

Тарихқа жазушылар жоламасын! Бұл – тарихшылардың сөзі. Олардың ойынша, көркем тіл, әсірелеу тарихи деректерді бұрмалауға әкеп соқтырады. Дегенмен бұл пікірдің жансақтығын «Көшпенділер» трилогиясы дәлелдеп берді. Қазақ халқының жеті ғасырлық тарихын түгендеп, соның ішінде ең елеулі тұстарын көркемдеп берген Есенберлиннің еңбегі халықтың нағыз ұлттық құндылығына айналды. Тарих тақырыбына тыңнан түрен салған жазушы басын бәйгеге тікті. Өздеріңіз білесіздер, Кеңестік кезеңде тарих пәнінің өзі қатаң қадағалауда болды. Осы шақта ұрпақтың мәңгірттенуінен қорыққан Есенберлин қазағын төл тарихымен таныстыруды өзінің өмірлік миссиясы деп білді.