Хабар телеарнасы

«Бір туынды тарихы» циклі: «Мен қазақпын» деректі фильмі

«Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген», - осы бір өлең шумақтарын білмейтін қазақ кемде-кем. Бұл өлең жолдары ерекше құрметке ие. Оны тыңдаған не оқыған сәтте көз алдымызға ата-бабамыздың көрген қиындығы мен қияметі тізбектеліп өте береді. Осы рухты жырды Жұбан Молдағалиев 1942 жылы майдан даласында жазған. Кескілескен, жан алып, жан беріскен соғыс алаңында жас жауынгердің жүрегіндегі еліне деген сүйіспеншілігі осындай жыр болып төгілген. «Бір туынды тарихы» деректі фильмдер циклінің бұл саны «Мен қазақпын» туындысына арналады.