Хабар телеарнасы

«Келінжан 2» телехикаясы. 1-бөлім

«Келінжан 2» телехикаясының алғашқы бөлімі Асқар мен Асылымның сәбилі болып ауылға оралуымен басталады. Кіші келінді қара шаңырақтың анасы, яғни енесі жылы қарсы алады. Ағалы-інілі Қылышбек пен Мәдібек, абысынды Айсара мен Балқияның өмірі де бәз-баяғы күнделікті күйбең тіршіліктің қызығы мен шыжығына толы.