Хабар телеарнасы

«Шашу». «Қырдың гүлі» 16-бөлім

«ҚЫРДЫҢ ГҮЛІ»

Аида Арманға ренжулі. Себебі Қалампырдың нөмірі Арманның ұялы телефонында «Бала Махаббат» деп сақтаулы екен. Соны көріп қояды.

Жаңа құрбы тауып алған Алан да Джесиканы ренжітіп алады.

Аулада Аланның асық ойнап жүргені көрген бажалардың балалығы ұстап, «Мен жақсы ойнайтынмын, қайдағы, мен сені ылғи ұтып алатынмын» деп дауласып, даудың шешімін таппай, делебелері қозып, аулаға шеңбер сызады да, теңдей асық бөліп алып, аулада асық біріншілігін бастап кетеді. Жұмыс жайына қалады.

Алан екеуін қалдырып, әкесімен қырдың гүлін теруге кетіп қалады.