21:00Эфирде: Тұсаукесер! "Көзімді жұмсам да..."
23:00Әрі қарай: Телесериал. "Вторая жизнь Евы"
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

дүйсенбі-жұма, 20:00

дүйсенбі-жұма, 20:00

«Келінжан» телехикаясының бірінші, екінші, үшінші маусымынан кейін көп көрерменнің сұрауы бойынша жуырда «Келінжан 4» жарыққа шығады. Сериалға отбасылық құндылықтар, гендерлік саясат, ұлттық салт-дәстүр сабақтастығы сияқты тақырыптар арқау болады.

Төртінші маусым ауылға жаңа отбасының көшіп келуінен бастау алады. Жаңа мекен, жаңа жұмыс, жаңа ортаға келген отбасының бейімделуіне Күлімхан апа мен балалары көмектеседі. Қылышбек мектепке қайта оралады. Ал Айсара жаңа туған нәрестесімен әлек болады.

Мәдібек пен Балқияның дүкеніндегі жағдай көңіл көншітпейді. Балқия бизнесін қанша сақтағысы келгенімен, кәсібінде береке болмайды. Бұған себеп – Мәдібектің азарттық ойындармен әуестенуі. Ал Асқар мен Асылым ауылға біржолата көшіп келеді. Олар ауылдағы спортты дамытуды көздейді.

Сонымен қатар жаңа маусымда жаңа кейіпкерлер де бар. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген танымал телехикаяның төртінші маусымы 40 бөлімнен тұрады.

Сондай-ақ...