Хабар телеарнасы

Жақыпов Сіләмғазы, Жақыпов Әлімғазы

Жақыпов Сіләмғазы, Жақыпов Әлімғазы

Жақыпов Сіләмғазы, қатардағы жауынгер Семей облысы Базар ауылында 1925 жылы туған. 1942 жылдың желтоқсан айынан хабарсыз кетті.

Жақыпов Әлімғазы, қатардағы жауынгер Семей облысы Базар ауылында 1912 жылы туған. 984-АП құрамында соғысқа қатысып,1945жылдан хабарсыз кетті.

Жақыпов Әлімғазы мен Жақыпов Сіләмғазы аталарымыз сұрапыл соғыста хабарсыз кеткендіктен деректер аз. Аналары «Келіп қалар! Қара қағаз болмаған соң аман болар» деген үмітпен өмірден өтті. Қарындастары Биға Жақыпқызының ағаларының хабар-ошарсыз жоғалғандықтан «Сүйегі қайда қалды екен?», «Ең болмағанда адамша жерленді ме екен?» деген сұрақтардан туған толғауын ұсынамыз:

Толғау

Әкеден айырылдым мен жеті жастан,

Балаға зар болыпты ауел бастан.

Алыпты екі әйелді бала үшін,

Әйтпесе байлығы жоқ жұрттан асқан.

Үндемеске 37-жылы әкемді алды,

4 бала артындағы жетім қалды.

Әлімғазы,Сіләмғазы ағаларым,

Қалмады ау арттан шіркін балаларың.

Жеңгелі болам енді деген кезде,

Екі ағамды бір күне соғысқа алды.

Түтінің осы күні сөніп қалды,

Ең болмаса біреуің оралмадың.

Азаматтық борышыңды атқардың да,

Соғысқа кірем деген келді хаттарың да.

Қолымнан бар келгені осы болды,

Баян мен Жанатты жаздырдым аттарыңа.

Тәубе етем осы күнде,баларым,

Бақытты сендер бар да аналарың,

Ұмыттым өткен өмір қайғы-зарын.

Авторы: Талғат Бейсенбеков