Хабар телеарнасы

Қажденов Дүйсенбай (1922 - 1985 жж.)

Kazhdenov Duisenbai

Менің әкем Қажденов Дүйсенбай 1922 жылы туған. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Құрайлысай ауылында тұрған.

Ол 1941 жылы майданға аттанды.

Украина майданының құрамында болып, Украинаны, Венгрияны, Чехословакияны, Германияны азат етуге қатысқан.

Берлинді алу операциясына қатысып, Рейхстагтағы тудың тігілуіне куә болған.

Соғыстан кейінгі Германияны қалпына келтіруге қатысып, елге 1947 жылы оралды.

Наградалары:

  • «Отан соғысы» ордені;
  • «Даңқ» ордені;
  • «Ерлігі үшін» медалі;
  • «Берлинді азат еткені үшін» медалі және т.б..

Елге оралған соң МТС құруға,тың игеруге, совхоз құруға қатысады.

Әкем 1985 жылы дүниеден өтті.

Авторы: ұлы Қажденов Андрей