Хабар телеарнасы

«Хабар» Еңбек күніне орай ауқымды телемарафон ұсынады

«Хабар» Еңбек күніне орай ауқымды телемарафон ұсынады

Елімізде 10 жылдан бері қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтеді,  деп хабарлады Elorda.info.

Осы мерекеге орай «Хабар» агенттігі қазақстандықтарға «Адал еңбек» телемарафонын ұсынады. 

Телемарафонның мақсаты – еңбексүйгіштік идеясын насихаттау, еңбек адамына лайықты құрмет көрсетуді қалыптастыру.

Ауқымды телемарафон «Хабар» телеарнасында 2023 жылғы 24-қыркүйекте сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін көрсетіледі. Онда ел аймақтарымен және шетелдермен тікелей эфирде байланыстар орнатылып, ұжымдар мен еңбек адамдары өздерінің кәсіби жетістіктері туралы айтады.

«Адал еңбек» телемарафонына ерен еңбектерімен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі саланың өкілдері қатысады. Олардың ішінде шахтер, мұнайшы, аула сыпырушы, санитар, педагог, өнеркәсіптік альпинист, зергер, блогер, кәсіпкер және тағы басқа мамандық иелері болады.

Қазақстандық КИНЭС рекордтар кітабында «Мамандығына берілгендер» атты жаңа парақтың пайда болуы – аталған телемарафонның жарқын сәтіне айналмақ. Рекордшы әулет тікелей эфир барысында анықталады.   

«Адал еңбек» телемарафоны аясында көрермендерді түрлі сала қызметкерлерімен, жұмысшы әулеттердің көрнекті өкілдерімен жүргізілетін қызықты сұхбаттар мен сюжеттер, сондай-ақ әртістер мен музыкалық ансамбльдердің қойылымдары күтеді.